Құндақтау рәсімі дүниеге бала әкелген әйелдің денсаулығын жақсартуға бағытталған тәсіл. Кей әйелдер бұрынғы дене қалпына орала алмай жатады. Өздерін әлсіз сезінетіндер де бар. Егер сіз де осындай проблемамен бас қатырып жүрсеңіз, мұнымен айналысатын арнайы маман барын білгейсіз.

 

Құндақтау рәсімі қалай өтеді?

Процедураның бірінші кезеңі 40 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылады. Мұндағы маманның негізгі міндеті: әйелдің шағымдарын анықтау, оның психоэмоционалды жағдайының деңгейін түсіну, ананың депрессиясы бар-жоғын анықтау. Бұл кезеңде туу кезіндегі барлық нюанстарды және одан кейін денеде қалған әсер туралы алдын-ала айту маңызды. Бұл ақпарат қандай органдарды емдеу қажет ететіндігін түсінуге көмектеседі.

Сіз қалай босандыңыз? Табиғи жолмен бе әлде кесір тілігі арқылы ма? Сондай-ақ, жыртылу, тігіс және т.б. мәселелер болды ма? Бұлар дәрігердің сізге қоятын маңызды сұрақтары. Мәселен, егер сіз кесір тілігін жасатсаңыз, онда кейін тігіс орнында немесе эпизиотомия орнында адгезияның пайда болуын болдырмау үшін тігістермен жұмыс жасаудың ерекше әдістері қолданылады.
— Жамбастағы ауырсыну;
— Құйымшақ үстіндегі ауысыну;
— Аяқтың ұзындығындағы айырмашылық (біреуі қысқа, екіншісі ұзынырақ болуы),
— Омыртқаның әртүрлі бөліктеріндегі, арқадағы ауырсынулар сияқты проблемалардың бәрі осы этапта ескерілетін болады.

Диагностика және қалпына келтіру кезеңі. Мануальды техника

Жүктілік кезінде бала анасының биомеханикасын өзінікіне сай өзгертіп алады. Соның әсерінен әйелдің тірек-қимыл аппаратының өсі бұзылады. Сол себептен де ананың тірек-қимыл аппаратының жұмысын мануальды терапевтің көмегімен қалпына келтірудің маңызы зор.

 Висцералды терапия. Ішкі ағзалармен жұмыс

Висцералды терапия — іштің құрсақ қабатына, кеуде қуысына қолмен арнайы әдістер арқылы жасалатын жұмыс. Мақсаты: бұлшықеттің түйілуін жою, қан айналымды жақсарту.
Бұл кезеңде барлық органдар тексеріледі, диастаздың мөлшері анықталады. Ал процедурадан кейін диастаздың көлемі едәуір азаяды.
Сондай-ақ, бұл кезеңде жүктіліктен кейінгі созылған кіндікті қалпына келтіру де назарға алынады.

Сиқырлы эликсир

Бұл этапты жасару кезеңі деп атауға болады. Себебі бұл этаптан кейін жастығыңыздың куәсі теріңіздің айрықша жасарып қалғанын байқауға болады. 4-кезең екі бөлімнен тұрады.
— Сіздің шағымдарыңыздың нәтижелері бойынша қалауыңызды, сізде немесе балаңызда аллергияның болуын ескере отырып маман көптеген дәмдеуіштерден арнайы алкогольсіз шарап дайындайды. Ол сусын денеден тердің бөлініп шығуын ретке келтіруге, ішкі ағзалар жүйесінің жұмысын жақсартуға арналған.
— Одан соң әйел ваннаға жіберіледі. Мұнда әртүрлі шөптерден жасалған қоспа ваннаға қосылады. Ол өз кезегінде денеден тері арқылы токсиндерді бөліп шығарып, тәнді жаңартатын, жүйке жүйесін жақсартатын әсер береді.

Теория бойынша мұндай рәсім бүкіл денені жұмсартып, босаңсытып, оны ұйқыға батыруы керек.

Жылытатын ваннадан кейін әйел бірден халатқа оранады.  Төсек-орын әрі денені байлайтын орамалдар дайын бөлмеге кіреді. Сіздің денеңіз мүмкіндігінше жылы болуы керек. Сосын түрлі эфир майларымен жасалатын массажға да кезек келеді.

Ананы құндақтау рәсімі

Әрі қарай мамандар барлық аймақтарды басынан бастап жамбасқа дейін 8 минут уқалайды. Сосын олар денені байлауға кіріседі. Бұл кезде денені ісіктен арылту жұмыстары жүргізіледі. Осы этапта жүргізілген жұмыстың әсерінен ағзада:
— зат алмасу қызметі жақсарады;
— денедегі ісік қайтады;
— микроциркуляция жақсарады.

Одан кейін сіз тағы 4 сағат бойы жылы төсекте жатуға қалдырыласыз. Бұл міндетті шарт. Неліктен қатаң түрде 4 сағат тұра алмайсыз?
Себебі бұлшық және ішкі органдар туу кезінде әбден босаңсыған.
Сіз рәсім басталғанға дейін ішкі органдарыңыздың өз орындарында болмағанын түсінуіңіз керек. Ал олар орнына түсіп, жалпы процедураның әсері болуы үшін ағзаңыз барынша демалуы шарт. Сондықтан бұл рәсімге өзіңізді ғана емес, жаңа туған сәбиіңізді қарайтын күтушіні де дайындап қойыңыз.
Процедурадан соң тәніңіз жүктілік кезінде баланы қалай көтеріп жүргенін ұмытып, жаңа күйге енгендей болады.

Құндақтау әдісі: Босанған әйелдің күтімі

Дайындаған: Оңалбек Дидар